Ссылки доступа

Қырғызстан билігі Сох анклавы бойынша мәлімет берді


Қырғызстан билігі Өзбекстанның Сох анклавына жол ашылады деген мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

"11-12 наурыз күні Қырғызстан мен Өзбекстанның басшылары кездескеннен кейін, қырғыз тарабы аумағында орналасқан Өзбекстанның Сох анклавына дәліз береді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді",- делінген таратылған мәліметте.

Белгілі болғандай, өзбекстандық азаматтар Қырғызстанға "Қайтпас" өткізу бекеті арқылып кіріп, Сох ауданына дейін Қырғызстанның аймағы арқылы жүріп "Өтүкчү" өткізу бекеті арқылы Өзбекстанның Сох ауданына кіреді.

XS
SM
MD
LG