Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесі бойынша келіссөз жүргізеді


15 наурызда Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекараны демаркациялау және делимитациялау жөніндегі үкіметтік комиссиясының кезекті отырысы басталады. Бұл туралы Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия жиналысы 15-18 наурыз аралығында Соғды облысының Худжанд қаласында өтеді.

Хабарларға қарағанда, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы, үкіметаралық комиссияның төрағасы Камчыбек Ташиев Тәжікстан ҰҚМК төрағасы Саймумин Ятимовпен екі елдің арнайы қызметтерінің әріптестігі мәселесін талқылайды.

Қырғыз-тәжік шекарасы 976 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымының мәртебесі анықталған. Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша, былтыр қырғыз-тәжік шекарасында тоғыз қақтығыс болған.

XS
SM
MD
LG