Ссылки доступа

Самарқанда жұмыссыз жастарға берілген жерді қайтарып алған (видео)


Администрация Кошрабадского района Самаркандской области отобрала у молодых безработных людей предоставленные ранее сельскохозяйственные угодья.
Администрация Кошрабадского района Самаркандской области отобрала у молодых безработных людей предоставленные ранее сельскохозяйственные угодья.

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы Кошрабад ауданының "Кийким" махалласында жұмыссыз 14 жасқа берілген жерді қайтарып алған.

Биыл 24 ақпанда аудан басшылары махалладағы жұмыссыз 14 жасқа 40 соттық жер берген.

"Жұмыссыз жастарға жер беріп жатырмыз. Жер беру бұдан әрі де жалғасады. Бүгін "Кийким" махалласының жастары жер алды", - деген аудан әкімшілігінің өкілі Холбек Кубаев.

Жастардың айтуынша, сол кезде шенеуніктер оларға жеңілдікпен несие алып беруге, егістікке су тартуға көмектесуге уәде берген.

Алайда, махалла жастары егістікке су тарту мәселесімен айналыса бастағанда, аудан әкімшілігіндегілер оларға жерді қайтарып алғанын айтқан.

– Олар келіп, жұмыссыздарға жер өлшеп берді, бізді құттықтады, сосын кетіп қалды. Олар бұны есеп үшін жасаған екен. Енді жер бөлу қате болғанын айтып жатыр. Адамдарды алдаудың не қажеті бар!? – дейді "Кийким" махалласының бір тұрғыны.

Махалла төрағасы Шерзод жұмыссыз жастарға берілген жерді неге қайтарып алып жатқанын білмейтінін айтты.

Кошрабад ауданы басшысының орынбасары Мұхтор Кувондиков жастардың жерін қайтарып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

– Жұмыссыз жастарға берілген жерді ешкім қайтарып алған жоқ. Біз құжаттарды дайындап, сол маңнан жер беріп жатырмыз, – дейді шенеунік.

Еске салайық, биыл қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жұмыссыз жастарға жер беруді тапсырған.

XS
SM
MD
LG