Ссылки доступа

Жапаров пен Путин Жеруйдегі алтын өндіру фабрикасының ашылу салтанатына қатысады


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 17 наурызда Талас облысындағы Жеруй кенінде алтын өндіру фабрикасының ашылу салтанатына қатысады.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Галина Байтеректің "Азаттыкқа" хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин фабриканың ашылу салтанатына телекөпір форматының көмегімен қатысады.

Жеруй – Қырғызстанда Құмтөрден кейінгі ең ірі алтын кені. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнда 84 тонна алтын, шамамен 10 тонна күміс қоры бар.

2015 жылы алтын кенін өндіру құқығы аукционда 100 миллион долларға Ресейдің "Восток-геолдобыча" компаниясына сатылды. Бұл компания "Русская платина" корпорациясының құрамына кіреді.

2020 жылы қазандағы тәртіпсіздік кезінде белгісіз біреулер Жеруй алтын кеніндегі қоймалар мен кеңселерді өртеп жіберген. Кәсіпорын басшылығы өрттен 10-15 миллион доллар шығын келгенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG