Ссылки доступа

Тәжікстанда ұсталған қырғыз азаматтары елге оралды


Тәжікстан аумағында ұсталған Қырғызстан азаматтары елге оралды. Бұл туралы Баткен облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, 13-14 наурызда шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен ұсталған алты азамат елге қайтты. Бұның алдында, 26 ақпанда Бішкектің екі тұрғыны босатылған. Тәжікстан соты қырғызстандықтарға айыппұл салған.

Екі елдің өкілдері 23 ақпанда келіссөз жүргізіп, сол кезде Лейлек ауданының үш тұрғыны бостандыққа шыққан. Оларға ескерту жасалған.

Мәліметтерге қарағанда, қазір Баткенде шекараны заңсыз кесіп өткен 15 тәжік азаматы отыр. Олар Қырғызстан заңдары бойынша жауапқа тартылады.

22 ақпанда Баткендегі облыс әкімшілігінің ғимараты алдында митинг өтті. Тәжікстанда ұсталған қырғыз азаматтарының туыстары биліктен қамауда отырғандарды босатуға көмектесуін сұрады.

XS
SM
MD
LG