Ссылки доступа

Бирмада өлке лидері Су Чжидің соты кейінге шегерілді


Бирма лидері Аун Сан Су Чжи мен өлке президенті Вин Мьинаның адвокаты Кхин Маунг Зау журналистерге жауап беріп жатыр. Нейпьидо, 15 наурыз, 2021 жыл.

Бирмада әскери төңкерістен кейін биліктен құлатылған өлке лидері Аун Сан Су Чжидің үстінен 15 наурызға белгіленген сот басқа күнге ауыстырылды. Бұған интернет байланысындағы проблемалар себеп болғаны айтылды.

Адвокат Кхин Маунг Зау Reuters агенттігіне сот отырысы тоғыз күнге кейінге шегерілді деді. Бирмада әскери төңкеріске қарсы демонстрациялар тоқтамай, полиция халыққа қарсы оқ атып жатыр.

14 наурызда елде демократиялық басқаруды және Су Чжидің босатылуын талап еткендерге полиция оқ атып, кемінде 38 адам қаза болғаны айтылған. 15 наурызда Мингян қаласында акциялар кезінде екі адам мерт болғаны хабарланды.

Бирма 2011 жылға дейін әскери биліктің бақылауында болған. Дәл осы жылы әскери билік құлатылып, демократиялық өзгерістерге жол ашылған.

Биыл 1 ақпанда әскерлер қайтадан азаматтық билікті құлатып, Нобель сыйлығының иесі Аун Сан Су Чжи бастаған лидерлер қамауға алынған. 75 жастағы Чжиге бірнеше баптар бойынша айыптар тағылуда.

Бирманың оппозициялық күштері ғана емес, түгел халқы да әскерилерден азаматтық билікті қалпына келтіріп, қамалғандарды босатуды талап етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG