Ссылки доступа

Тәжікстанның Жоғарғы соты Кулябтың экс-мэріне шығарылған үкімді күшінде қалдырды (видео)


Тәжікстанның Жоғарғы соты Куляб қаласының бұрынғы мэрі Бахром Иноятзодаға қатысты осыған дейінгі сот үкімін күшінде қалдырды. Бұл туралы 15 наурызда Хатлон облыстық прокуратурасының төраға орынбасары Ражабали Имомзода мәлімдеді.

"17 ақпанда Жоғарғы соттың алқасы сотталған Бахром Иноятзоданың кассациялық арызын қанағаттандырудан бас тартып, Хатлон облыстық сотының шешімін күшінде қалдырды", - деді прокурордың орынбасары.

Иноятзода былтыр қарашада Хатлон облыстық сотының шешімімен 12 жылға сотталған. Экс-мэр Қылмыстық кодекстің алты бабы, оның ішінде қызметін асыра пайдалану, пара алу, бөтен мүлікке қол салу және жер учаскелерін заңсыз беру секілді баптар бойынша айыпты деп танылған.

Бахром Иноятзода соттағы соңғы сөзінде "Мемлекеттік қызметті атқарып, мемлекеттік нысандарды салып, Кулябты дамытуға атсалысқан адамды 12 жылға соттау дұрыс па? Мен өз үйімді салып алсам бір жөн, ақша жымқырсам бір жөн. Тәжікстанда әділетті сот жоқ", - деген.

Бахром Иноятзода кезінде елдің солтүстігіндегі Истаравшан қаласын басқарып, тәжік парламентінің жоғарғы палатасының мүшесі болған. 2019 жылы мамырда Куляб қаласына мэр болуп тағайындалып, былтыр 8 шілдеде қамалғаннан кейін қызметінен алынған.

XS
SM
MD
LG