Ссылки доступа

Ресей думасында Сирияда қайтыс болған орыс әскерлерінің саны айтылды


Владимир Путин Сириядағы Хмеймим әскери базасында. Желтоқсан, 2017 жыл.
Владимир Путин Сириядағы Хмеймим әскери базасында. Желтоқсан, 2017 жыл.

Сириядағы әскери операциялар басталғаннан бері бұл өлкеде Ресейдің 112 сарбазы мерт болған. Бұл туралы Ресей думасының қорғаныс комитетінің төраға орынбасары Андрей Красов мәлімдеді.

Ресей Сириядағы әскери операциясын ресми түрде 2015 жылдың 30 қыркүйегінде бастаған.

Ресейдің Әскери-ғарыш күштерінің бұрынғы басшысы Виктор Бондаров 2018 жылы Сирияда құрбан болған орыс жауынгерлерінің саны 112-ге жеткенін білдірген.

Әлемдік ақпарат агенттіктерінің мәліметіне сәйкес, Сириядағы Ресей сарбаздарының құрбан болғандарының саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Reuters дерегіне сенсек, 2017 жылы әскери операциялар кезінде 131 орыс сарбазы қайтыс болған. Бірақ олар Ресейдің қорғаныс министрлігінің құрамына кірмейтін жалданбалы сарбаздар болуы мүмкін.

2018 жылы АҚШ күштерінің әуе соққыларынан орыстың 200-ге жуық жалданбалы әскер құрбан болғаны хабарланған. Кейін бұл соққыдан аман қалған бірнеше ресейлік жауынгер кемінде ондаған сарбаздың қайтыс болғанын растаған.

XS
SM
MD
LG