Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметі 79 баланы Ирактан елге алып келді


"Мээрим" гуманитарлық миссиясы барысында Қырғызстанның 79 азаматы елге оралды. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, арнайы борт Ирактан республикаға 16 наурызда ұшып келді. Гуманитарлық миссия шетелде аса қауіпті жағдайда қалған ел азаматтарын құтқаруды көздейді

Ресми мәліметке қарағанда, елге оралғандардың аналары балалардың Қырғызстанға оралуына рұқсат берген, бірақ өздері Иракта қалған. Үкімет елге оралған балалардың жаңа мекенге бейімделуіне көмектесуге уәде берген.

Қазақстан үкіметі "Жусан" операциясы барысында 600-ден астам азаматын Сириядан елге жеткізді. Өзбекстан мен Тәжікстанның да азаматтарын соғыс ошағынан алып кеткені хабарланды.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, Сириядағы соғыс ошағына 850 қырғызстандық барған, солардың 150-і қаза тапқан. Ресми мәлімет бойынша, "Ислам мемлекетіне" қосылғандар арасында шамамен 140 қырғызстандық әйел бар.

XS
SM
MD
LG