Ссылки доступа

IKEA компаниясы Ташкент түбіндегі фабрикасынан "хабарсыз"


Хоким (глава) Ташкентской области Даврон Хидоятов сообщил Шавкату Мирзияеву 8 февраля об открытии мебельной фабрики IKEA в Чирчике.
Хоким (глава) Ташкентской области Даврон Хидоятов сообщил Шавкату Мирзияеву 8 февраля об открытии мебельной фабрики IKEA в Чирчике.

Ташкент облысының басшысы Даврон Хидоятов биыл 8 ақпанда президент Шавкат Мирзияевқа аймақта жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды таныстырды. Сол кезде IKEA компаниясы Шыршықта жиһаз фабрикасын ашады деп хабарланған.

Ташкент облысы басшысының мәліметіне сенсек, швед компаниясы 52 миллион долларға фабрика салады, сол үшін 5,5 га жер бөлінді.

Дегенмен IKEA компаниясы Азаттық радиосына мұндай жоба туралы естімегенін, 2025 жылға дейін Өзбекстанмен іс жүргізуді жоспарламағанын хабарлаған.

Әлемнің 45 елінде жұмыс істейтін IKEA компаниясы Өзбекстанға инвестиция салуды жоспарламаған. "IKEA 2025 жылға қарай 12 жаңа нарыққа шығуды көздеп отыр. Бұл жоспарда Өзбекстан жоқ", - делінген компания таратқан ресми хабарда.

Өзбекстандағы компаниялардың ресми реестрінде Наманганда IKEA Premium, Қарақалпақстанда IKEA MM және Әндіжанда IKEA Andijan Group тіркелген. Жергілікті компаниялардың ешқайсысы Швецияның IKEA корпорациясына қатысы жоқ.

XS
SM
MD
LG