Ссылки доступа

Тәжік президенті ашқан зауыт өніміне сұраныс жоқ (видео)


На открытии завода "Элегант-Бальджуван" в августе 2019 года

Тәжікстандағы Балжуван ауданында ашылған тас өңдеу кәсіпорыны сәтсіз жобалардың біріне айналды.

Бір жылдан соң бұл кәсіпорын жергілікті шикізатты пайдалана алмайтыны мәлім болды. Сол себепті бұл зауытқа тас Соғды облысының солтүстігінен жеткізіледі.

Балжуван ауданының төрағасы Шерали Жалилзоданың айтуынша, шикізаттың қайдан әкелінетіні маңызды емес. "Тастар Соғды, Хатлон облыстарынан немесе Таулы Бадахшаннан жеткізіледі. Олардың қайтан әкелінетіні маңызды емес, Тәжікстанның тасы болса болды", - деп мәлімдеді аймақ басшысы баспасөз конференциясында.

Озық құрал-жабдықтары бар зауыт жергілікті шикізатты әжетке асыра алмаған. Өйткені жергілікті тас тез үгітілетін болып шыққан, ал осы күнге дейін өндірілген өнімге тапсырыс түспеген.

"Өнім бар, зауыт сатып алушы іздейді. Өндіріс тоқтаған жоқ, сатып алушы табылады", - дейді шенеунік.

Отделочные камни Бальджувана не пользуются спросом
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:11 0:00

"Элегант-Балжуван" тас өңдеу зауыты 2019 жылы ашылған. Оған Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысқан. Салтанатты жиында зауыт жергілікті шикізаттан гранит, мәрмәр өндіретіні айтылған.

Жаңа кәсіпорында ауданың жиырма тұрғыны жұмыс істейді делінген, бірақ қазір бұл кәсіпорынға бар болғаны үш адам жұмысқа қабылданған. "Маусымдық жұмыс. Кәсіпорын қыста жұмыс істемейді", - дейді шенеунік.

XS
SM
MD
LG