Ссылки доступа

Қырғыз белсендісі Тилекмат Құдайбергеновті билікті күшпен басып алуға үндеді деп айыптады


Бішкектің ішкі істер департаменті белсенді Тилекмат Құдайбергеновтің әлеуметтік желілердегі жазбаларында билікті күшпен басып алуға және жаппай тәртіпсіздікке үндеу бар деп хабарлады.

Милиция мәліметі бойынша, белсендіге қатысты сотқа дейінгі өндіріс ашылған.

Белсенді Құдайбергенов 15 наурызда ұсталған. Қазір ол Бішкек милициясының тергеу изоляторында отыр.

Тилекмат Құдайбергенов былтыр желтоқсанда құрылған Жетим-Тоо кенін қорғау қозғалысының жетекшілерінің бірі. 9 наурыза ол жаңа Конституцияны қабылдауға қарсы митинг ұйымдастыруға қатысты.

"Замандаш" партиясының бұрынғы жетекшісі Жениш Молдокматовтың хабарлауынша, 15 наурызда милиция Құдайбергеновтің үйінде, "Ханституцияға қарсы" қозғалысының кеңсесінде тінту жүргізген.

9 наурызда Қырғызстан астанасында жаңа Конституцияны қабылдауға қарсы митинг өтті. Наразылық акциясына қатысушылар бұл құжаттан бас тартып, парламентті таратуды талап етті.

XS
SM
MD
LG