Ссылки доступа

Солтүстік Корея басшысының әпкесі Джо Байден әкімшілігіне "кеңес" берді


Ким Е Чен

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның ықпалды әпкесі АҚШ-қа Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығу өткізбеуге кеңес берді.

Солтүстік Кореядағы ақпарат құралдары Ким Е Ченнің мәлімдемесін таратты. Бір күннен соң АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бастаған америкалық делегация Сеулге келуі тиіс.

"Осы сәтті пайдалана отырып, АҚШ-тың жаңа әкімшілігіне мұхиттың арғы жағынан біздің жерімізге келіп, оқ атпауға кеңес бергім келеді. Әкімшілік алдағы төрт жыл тыныш өтсін десе, бұл райынан қайтқаны жөн", - деген Ким Е Чен. Оның бұл мәлімдемесін "Нодон Синмун" газеті басты.

Бұның алдында АҚШ үкіметі бірнеше апта бойы Пхеньянмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға талпынғанын мәлімдеген. Солтүстік Корея Вашингтонда билік ауысқанын мойындайтынын әлі мәлімдеген жоқ, деп хабарлады Би-би-си.

Сайлауалды науқаны барысында Джо Байден Кимді "банды" деп атаған.

XS
SM
MD
LG