Тәжікстан билігі екі айдан бері елде коронавирус жұқтырғандар анықталмады деп мәлімдеп келеді. Ел экономикасы Ресейдегі еңбек мигранттарына тәуелді болғандықтан, Душанбе Мәскеуден екі ел арасындағы әуе қатынасты қалпына келтіруді сұрап келеді.
Ресей билігі алдымен эпидемиолог мамандар Тәжікстанға барып, жағдаймен танысады, сосын барып шекараны ашу, ашпау мәселесі қаралады деген болатын.