Ссылки доступа

Қырғызстанда журналистер мен белсенділерге қауіп төнді деген ақпарат тексеріліп жатыр


Ош қаласының ішкі істер басқармасы Factcheck.kg сайтының журналисі мен белсенді Улан Усойуның жеке өмірлеріне қауіп төніп жатыр деген шағым бойынша тергеуді бастады. Бұл жөнінде аталған мекеменің баспасөз хатшысы Замир Сыдыков мәлімдеді.

Осыған дейін Ош қаласында фактчекинг бойынша жиналыс өтеді, оған Factcheck.kg сайтының журналистері Асел Сооронбаева мен Ярослав Тартыков және белсенді Улан Усойун қатысады деп хабарланған.

Аталған хабарламадан кейін Facebook желісіндегі Али Абдразаков деген қолданушы оларды кездесуге жібермеу жөнінде үндеу жариялады. Постың астында кездесуді ұйымдастырушыларға түрлі қоқан-лоқы көрсететін пікірлер жазылған. Ұйымдастырушылар жеке өмірлерінің қауіпсіздігіне алаңдап, құқық қорғау органдарына шағымданған.

XS
SM
MD
LG