Америкалық мамандар АҚШ армиясының әскери инженерлер корпусымен (USACE) жүргізілген келіссөздер аясында Өзбекстанға келді.
Қаңтар айының соңында USACE эксперттері өзбек мамандарына су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде онлайн-тренинг өткізген.
Былтыр мамыр айында Сардоба су қоймасы жарылып, мыңдаған адам баспанасыз қалған, 6 адам қайтыс болып, біреуі із-түссіз жоғалып кетті.
Апат салдары Қазақстан аумағындағы елді-мекендерге де зардабын тигізді. Түркістан облысындағы 14 ауылдан 31 000 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.