Ссылки доступа

Коронавирус кедергі емес: Тәжікстан Наурыз мейрамына дайындалып жатыр (видео)


Тәжікстан Наурыз мейрамын атап өтуге дайындалып жатыр

Душанбедегі орталық алаңға Наурыз белгісі - "Суманак" орнатылды. Исмоили Сомони атындағы ескерткіш маңайы да түрлі-түсті гүлдестелермен безендірілді.

15 ақпанда COVID-19 вирусын алдын алу жөніндегі республикалық штаб Наурыз мейрамын атап өтуге рұқсат берген. Штаб Наурыз мейрамын бабадан қалған мәдениет, ұлттық құндылықтарды сақтау және оны жалғастыру үшін маңызды деп мәлімдеген.

Тәжікстанның мәдениет министрлігінің өкілі Нурали Мирзоалиев санитарлық талаптарды сақтай отырып, мерекелік шаралар өткізілетінін, бірақ үлкен стадиондарда театрландырылған қойылымдар болмайтынын айтты.

Душанбе готовится праздновать Навруз
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:17 0:00

Былтыр да Тәжікстан билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысын ескерместен, Худжанд қаласында 12 мың адамның қатысуымен Наурыз мейрамын атап өткен. Бұл шараға ел президенті Эмомали Рахмон да қатысқан.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 13 308 адамнан коронавирус анықталған. 90 науқас қайтыс болған. Бірақ жыл басынан бері билік COVID-19 вирусын жұқтырғандар анықталмады деп мәлімдеп келеді.

XS
SM
MD
LG