ЮНИСЕФ беретін вакциналардың жалпы құны - 1,98 миллион доллар.
COVISHIELD - AstraZeneca вакцинасының Үндістанда шығарылған түрінің атауы. Дания, Норвегия, Исландия, Италия, Германия, Франция, Испания және Болгария AstraZeneca вакцинасын пайдаланудан бас тартты. Өйткені бұл препараттан кейін тромбоз пайда болғаны анықталған.
Өзбекстан билігі елге жеткізілген вакцинаны AstraZeneca деп атамаған.
COVAX бағдарламасы кедей елдерге коронавирусқа қарсы күресуге көмектесу үшін дайындалды. Ресми мәлімет бойынша, осы бағдарлама аясында биыл Өзбекстанға AstraZeneca вакцинасының 2,64 миллион дозасы жеткізіледі.