Ссылки доступа

"Ханституцияға қарсы" қозғалыс: белсенді Камчы Нурбек уулу жоғалып кетті


Қырғызстанда жаңа Конституцияның қабылдануына, Жетим-Тоо кенін өндіруге қарсы шыққан белсенді Камчы Нурбек уулу сейсенбіден бері табылмай жатыр.

"Ханституцияға қарсы" қозғалыстың жетекшісі Жениш Молдокматов "Азаттыкқа" осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, 16 наурызда Камчы Нурбек уулу белсенділерге телефон соғып, оны белгісіз біреулер ұстағанын хабарлаған. Содан бері онымен байналысқа шығу мүмкін болмай отыр. Адвокаттар Нурбек уулуның қайда екенін анықтауға тырысып жатыр.

Молдокматовтың айтуынша, билікке қарсы шыққан қозғалыс белсенділеріне қысым күшейген.

"Оның біздің орталыққа ешқандай қатысы жоқ. Ол Жетим-Тоо мен Құмтөрде алтын өндіруге қарсы акцияға қатысып, жаңа Конституцияның қабылдануына қарсы митингіде менімен бірге тұрған", - деді Молдокматов.

Құқық қорғау органдары белсендінің жоғалуына қатысты пікір білдірген жоқ.

15 наурызда белсенді Тилекмат Құдайбергенов ұсталған. Ол да Жетим-Тоо кені мен жаңа Конституциясына қарсы наразылық акцияларына қатысқан.

XS
SM
MD
LG