Ссылки доступа

Өзбекстан биыл электр энергиясының бағасы өспейтінін мәлімдеді


Өзбекстанда биыл электр энергиясына тарифтер қымбаттамайды. Бұл туралы елдің "Аймақтық электр желісі" мемлекеттік кәсіпорын басшысы Ұлықбек Мустафоев мәлімдеді.

"Соңғы екі жылдан бері электр энергиясына тарифтер өспеді. Биыл да 295 сум ($0,02) болып қалады. Президент бізге жыл соңына дейін электр энергиясын қымбаттпау үшін шараларды қарастыру және оның өзіндік бағасын азайту туралы тапсырма берді", - деді Мустафоев.

Оның сөзінше, биыл 15 мың шақырым электр сымы мен 4 мың трансформаторды жаңарту жоспарланған. Бұл өлкедегі 5 377 ауылды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қыс мезгілінде Өзбекстанның барлық аймақтарында энергетикалық тапшылық байқалған.

XS
SM
MD
LG