Ссылки доступа

Тәжікстанда жанармай дағдарысы тереңдеп барады (видео)


Тәжікстанда жанармай дағдарысы: жанармай құю бекеттерінде безнин жоқ немесе оны қымбат бағамен сатады. Билік дағдарыстың себебін анықтаумен әлек.

Душанбедегі "X-Oil" жанармай құю бекетінің қызметкерлері 17 наурызда бензиннің соңғы литрін сатып, бағаналардағы баларды алып тастады. Тәжікстан астанасындағы басқа да жанармай құю бекеттерінде бензин таусылып жатыр.

Озоди радиосының тілшілері 17 наурызда қаладағы бірнеше жанармай құю бекетіне барды - ешқайсысында бензин жоқ. Қазір бензинді "Газпром мұнай -Тәжікстан" компаниясының жанармай құю бекеттерінен ғана табуға болады. Мұнда бензиннің бір литрі шамамен 9 сомони тұрады.

Тәжікстанда жанармай наурыз айының басында қымбаттай бастады - екі аптаның ішінде баға 12 пайызға өсті. Бірнеше компания жанармай лимитін енгізсе, кейбіреуі тұрақты клиенттеріне ғана қызмет көрсетіп отыр.

Тәжікстанның монополиямен күрес қызметі елдегі дағдарыс себептерін анықтап жатқанын хабарлады. Қызмет маманы Раджабали Махсиддинзоданың мәлімдеуінше, Тәжікстанда жанармайдың қымбаттауына Қазақстан өнімінің келмей қалуы себеп болған. "Қазір Ресейден ғана келіп жатыр, онда бензин қымбат тұрады", дейді ол. Бұған дейін елге жанармайдың 90 пайызы Қазақстаннан әкелінетін.

Бензиннің қымбаттауы Душанбеден Тәжікстан аймақтарына жол ақысының көтерілуіне түрткі болды.

Тәжікстандағы жанармай дағдарысы Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда да сезіле бастады. Ақпан айына дейін көрші елде бензин шамамен 40 пайызға арзан болған. "Бензинді Қырғызстаннан цистернамен шығара алмай қалдық", - дейді тәжік кәсіпкері.

Еске салайық, Қырғызстан премьер-министрі Ұлықбек Марипов 3 наурызда шикі мұнай мен мұнай өнімдерін шетелге шығаруға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG