Ссылки доступа

Қырғызстан қытай вакцинасының 150 мың дозасын алады


Қырғызстан 19 наурызда Қытайдан Sinopharm вакцинасының 150 мың дозасын алады. Бұл туралы 18 наурызда Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшенәлиев брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қытайдан алынатын вакцина 75 мың адамға жетеді.

"Бұған қоса, Қырғызстан мен Ресей президенттері "Спутник V" вакцинасын алдыруға келісті. Келіссөздер жалғасып жатыр, вакцина жақында кезең-кезеңімен түсе бастайды", - деді министр.

Министр COVAX бағдарламасы аясында жеткізілетін AstraZeneca вакцинасы туралы айтып өтті. Бейшенәлиевтің мәлімдеуінше, қазір Денсаулық сақтау министрлігі зерттеу нәтижесін күтіп отыр.

"Әуелі біз AstraZeneca вакцинасының 1,2 млн дозасын алдыруға келістік, одан соң 2,6 млн доза алатын болдық. Бірақ Еуропа елдерінде вакцинаның бұл түрінен науқастар қайтыс болғаны анықталып жатыр. Кісі өлімінің вакцинаға қатысы дәлелденсе, біз одан бас тартамыз. Бірақ бағдарламада вакцинаның басқа да түрлері бар, бізге соларды ұсынатын шығар", - деді Бейшенәлиев.

Министрдің мәлімдеуінше, Қырғызстанда вакцина егу науқаны сәуірде басталады.

XS
SM
MD
LG