Ссылки доступа

Прокурор "Сох оқиғасына" қатысты істегі айыпталушыларға 10 жыл сұрады


16 наурызда Ферғана облыстық соты былтыр мамырда Сох ауданында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі соңғы тыңдауын өткізді. Бұл істе 22 адамға айып тағылған.

Адам құқықтарын қорғаушы Баходирхон Элибоевтың айтуынша, прокурор соттан тоғыз адамды 10 жыл екі ай, ал 13 адамды алты жарым жыл үйқамақта ұстауын сұраған. Адвокат пен айыпталушылар тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Элибоевтың пікірінше, алдын ала қорытындыда, сонымен бірге айыпталушыларды тергеу барысында Өзбекстанның қылмыстық-процессуалдық кодексінің бірнеше бабы бұзылған.

Ферғана облысының бұрынғы басшысы Шухрат Ганиет істе жәбірленуші деп аталғанымен, ол ешқашан сотта куәлік етпеген.

"Сот барысында айыпталушылар қамауда азапталғанын мәлімдеді", - деді Элибоев.

Сот үкімі қашан шығары әзірге белгісіз.

Былтыр 31 мамырда Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары шекарадағы даулы жердегі бұлаққа таласып, соңы қақтығысқа ұласты. Ферғана облысының бұрынғы басшысы Шухрат Ганиев пен Сох ауданының бұрынғы басшысы Таваккал Рахимовқа тұрғындар тас лақтырған.

Үш айдан соң Сох ауданында ондаған күдікті ұсталып, алтауына айып тағылды. Сох оқиғасына қатысты іс бойынша сот 9 наурызда басталып, сол кезде 22 адамға айып тағылғаны мәлім болды.

XS
SM
MD
LG