Ссылки доступа

Түркіменстанда діндарларға қысым күшейді


Мечеть в Мары (иллюстративное фото)
Мечеть в Мары (иллюстративное фото)

Азаматтардың діни құқықтарын тіркейтін "Forum 18" ұйымының хабарлауынша, Түркіменстанда діндарларды қамау, қорқыту толастар емес. Тиісті органдар оларды не себепті қудалап жатқанын түсіндіргісі келмейді.

Ұйым мәліметі бойынша, полиция мен биліктің басқа өкілдері діндарларды қудалауын күшейткен.

"Әсіресе Фарап және Чардж этраптарында қысым күшті", деп хабарлады ұйым. Онда жиырма шақты діндарды ұстап, олардың сақал-мұртын күшпен қырып тастағаны, оларға мәжбүрлеп арақ ішкізгені, полицияда ұсталғандарды балағаттағаны айтылған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 9 наурызда билік өкілдері Марыдағы бас мешітке келіп, Мирадж түні құран оқуға жиналған адамдарды қуып шыққан.

Түркіменстан заңдарында азаматтардың діни сенім құқығына кепілдік берілетіні айтылған, бірақ заң ережесі үнемі сақтала бермейді.

Түркіменстан билігі 1990-жылдардың басында діндарларды екі топқа бөліп, жүйеге бағынбайтындар мен олардың туыстарын қудалай бастаған.

Ашғабадта 73 жастағы Мулла Шири 2010 жылы жазда түрмеде жоғалып кетті. Оның жеті баласы түрлі күмәнді айыптармен сотталған.

XS
SM
MD
LG