Ссылки доступа

Жақын арада Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтетіні хабарланады


Бейсенбі не жұмада Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтетіні туралы хабарланады. Бұл туралы Армения қоршаған ортаны қорғау министрі, Пашинян партиясының өкілі Романос Петросянға сүйенген "Интерфакс" хабарлады.

"Біз кезектен тыс сайлауға дайындалып жатырмыз. Бүгін не ертең шешім мен мерзімі жарияланады" дді Петросян бейсенбі күні. Оның айтуынша, билік елдегі ішкі саяси дағдарысты кезектен тыс парламент сайлауын арқылы шешуге болады деп санайды.

Парламентті тарату үшін премьер-министр отставкаға кетуі тиіс. Егер парламент екі рет жаңа премьер сайлай алмаса, ол автоматты түрде таратылып, жаңадан сайлау тағайындалады.

Премьер-министр Никол Пашинян былтыр қарашада Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы Әзербайжанмен келісімге қол қойғаннан кейін елде оның отставкасын талап етушілер көбейген. Көптеген армян келісім шарттарымен келіспейді.

"Интерфакстың" жазуынша, бейсенбі күні премьер-министр Никол Пашинян "Гүлденген Армения" оппозициялық партиясының жетекшісі Гагик Царукянмен ерте сайлау өткізу мәселесін талқылайды.

Бұған дейін Царукян Пашиняннан отставкаға кетуін талап етіп, уақытша үкімет жасақтап, тек содан кейін кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге болады деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG