Ссылки доступа

Өзбекстанда Сох оқиғасы бойынша 22 адамға үкім шығарылды


Ферғана облыстық соты былтыр мамыр айында Сох ауданында болған жаппай тәртіпсіздікке 22 адамды айыпты деп танып, әртүрлі жаза мерзіміне кесті. Бұл жөнінде Өзбекстанның Жоғарғы соты хабарлайды.

Айыпталушылардың екеуі (М. Ахмедов пен Н. Жураев) бес жылға сотталып, жазасын қатаң түрдегі колонияда өткізеді. 18 адам 4 жылдан 5 жылға дейін түрме жазасына кесілсе, кәмелетке толмаған екі жасөспірім 2 жылға дейін шартты жазаға тартылды.

Былтыр 31 мамырда Қырғызстанның Кадамжай ауданы Чечме ауылы мен Өзбекстанның Сох ауданы Чашма ауылы тұрғындарының ортасында бұлаққа таласып, жанжал шыққан. Оларды басу үшін Сохқа Ферғана облысының сол аудандағы әкімі Шухрат Ганиев барған. Бірақ оның сөйлеген сөздеріне наразы болған тұрғындар оған қарсы тас лақтырған.

Бұл оқиғадан үш ай өткен соң қылмыстық іс қозғалып, ондаған адам қамауға алынды. Қырғызстан аймағында анклав болып орналасқан Сох ауданында 80 мыңдай адам тұрады.

XS
SM
MD
LG