Ссылки доступа

Тәжікстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартпайды (видео)


Тәжікстан AstraZeneca вакцинасынан бас тартуға ниеті жоқ. Осылай деп өлкенің денсаулық сақтау министрі Самариддин Ализода 18 наурызда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Осыған дейін бірқатар мемлекет вакцинаның теріс әсері бар деп бас тартқан.

Министрдің айтуынша, AstraZeneca вакцинасына байланысты барлық жағдайды жіті бақылап отыр, бірақ оны қолданудан бас тартуға ниеттері жоқ.

"Халыққа жаппай екпе жүргізу қашан басталатыны белгісіз, бірақ Тәжікстан COVID-19 вирусына қарсы AstraZeneca вакцинасынан бас тартпайды", - деді министр.

Тәжікстан AstraZeneca вакцинасынан 192 мың дана алған.

Денсаулық сақтау министрі халықаралық COVAX бағдарламасы аясында керекті вакцинаның 20 пайызын тегін, қалғанын сатып алатынын жеткізді. Ол сонымен бірге "Спутник V" вакцинасын да сатып алуы мүмкін екенін жеткізді.

Осыған дейін бірқатар Еуропа елдері, оның ішінде Германия, Италия және Франция AstraZeneca вакцинасының теріс әсерлерінен кейін қолдануды тоқтатқан.

Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинаның қанда тромб түзетіні дәлелденбеді, сол себептен бас тартудың қажеті жоқ деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG