Ссылки доступа

Қырғызстанда әскери қызметкерлердің туберкулез індетін жұқтырып, ауруханаға жатқандар саны 15-ке жетті


Қырғызстанда Қарулы күш әскерлерінің туберкулез індетін жұқтырып, ауруханаға түскендерінің саны 15-ке жетті.

Бұл туралы Бішкек қалалық туберкулез індеті бойынша диспансердің бас дәрігері Тамара Баялиева хабарлады.

"Бішкектегі Қарулы күштердің бас штабына қарайтын № 97632 әскери бөліміндегі 14 адам, № 7412 әскери бөлімінің бір адамынан туберкулез анықталды. Инфекцияны жұқтырғандар бізге келгенде невролог, терапевт сияқты дәрігерлерге қаралған екен. Қазір олардың жағдайы тұрақты, емделіп жатыр. Ауру жұқтырғандар тағы анықталып, көбеюі мүмкін", - деді бас дәрігер.

Туберкулез індеті әлемде өлімнің он себебінің бірі болып есептеледі. 2016 жылы бұл індеттен 1,7 миллион адам қаза тапқан. Оның ішінде 250 мың нәресте көз жұмған.

2017 жылғы мәлімет бойынша Қырғызстанда 5 616 адамнан туберкулез анықталған.

XS
SM
MD
LG