Ссылки доступа

Дильшод Назаров: Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысу құқымды тартып алды


Дильшод Назаров, Рио-де-Жанейро, август 2016 года
Дильшод Назаров, Рио-де-Жанейро, август 2016 года

Әйгілі тәжік спортшысы, шарбалға лақтыру спортынан 2016 жылы олимпиада чемпионы атанған Дильшод Назаров Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу құқығынан айрылды.

Жеңіл атлетикадағы келеңсіздіктермен күресу жөніндегі тәуелсіз орган - The Athletics Integrity Unit (AIU) Дильшод Назаровтың допинг қолданғаны үшін спорттан екі жылға шеттетті. Жаза 2019 жылғы 24 қыркүйектен басталады. Осылайша, Дильшод жарыстарға биыл қазаннан бастап қатыса алады.

AIU сайтының хабарлауынша, тәжік спортшысы 2011 жылғы әлем чемпионаты кезінде алынған допинг-сынамаларын қайта тексерген соң жарыстан шеттетілген. Атлеттің қанынан тыйым салынған туринабол стеройды (metabolite of oral turinabol) табылған. Сол себепті атлеттің 2011-2013 жылдар аралығындағы нәтижелері жойылды.

38 жастағы Дильшод Назаров 1,5 жыл бойы ақталуға тырысқанын мәлімдеді. "Өкінішке орай, менің талпынысымнан түк шықпады", - деп жазды ол 18 наурызда инстаграмдағы парақшасында.

Дильшод Назаров Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын әділетсіз тартып алды деп есептейді.

"Бірақ мен 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы болып қала беремін. Бұл алтын Тәжікстан құрамасының жүлде қорында қалады", - деп мәлімдеді олимпиада чемпионы.

XS
SM
MD
LG