Ссылки доступа

Ташкент пен Душанбе арасында қатынайтын рейстер көбейді


"Узбекистон хаво йуллари" әуе компаниясы биыл сәуірден бастап Тәжікстан астанасына тұрақты рейстерін көбейтеді.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 сәуірден бастап Душанбеге аптасына екі мәрте - сәрсенбі және сенбі күндері жолаушы ұшағы шығады. Бұған дейін ұшақ сәрсенбі күндері ғана қатынайтын.

Ташкент-Душанбе тұрақты рейсінің қайтадан ұшатынын биыл наурызда Тәжікстанның азаматтық авиация жөніндегі агенттігінің директоры Икром Субхонзода хабарлаған.

Өзбекстан мен Тәжікстан астаналары арасындағы тұрақты рейс былтыр 16 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG