Ссылки доступа

Қырғызстанда Жерүй кенішінде 18 адам тамақтан уланды


Талас облыстық ішкі істер басқармасы Жерүй алтын кенінде 18 адамның тамақтан уланғаны туралы мәліметті зерттей бастады.

Бұл факт "Санитарлық-эпидомиологиялық талаптардың бұзылуы" мен электрондық есепке алу журналына тіркелгенін облыстық милицияның баспасөз қызметі хабарлады.

21 наурызда Фейсбук әлеуметтік желінің қолданушысы Султанбек Аманбеков Жерүй кенінде 18 адамның тамақтан уланғанын жазған. Жұмысшылар жұмыстан шығып қаламыз ба деп қорқып, бұл туралы айтпаған.

Таластағы Жерүй алтын кені 1969 жылы табылған. Көлемі бойынша Қырғызстанда Құмтөрден кейінгі екінші орында тұрады. Геологиялық бастапқы зерттеуге сәйкес, кенде 84 тонна алтын, 25 тоннадан астам күміс қоры бар.

2015 жылы кенді істету құқығы аукцион негізінде 100 миллион долларға сатылған. Мұндай құқық "Орыс платинасы" компаниясының еншілес "Восток геолдобыча" кәсіпорнына тиген. Оның қарамағынан "Альянс алтын" компаниясы құрылған. Бұл компанияға алтын кенінде 2035 жылға дейін жұмыс істеуге құқық берілген.

XS
SM
MD
LG