Ссылки доступа

Наманганда жерге таласқан тұрғындар арасында жанжал шықты (видео)


17 наурызда Наманган облысына қарасты Касан ауданындағы Испарон ауылының тұрғындары жер учаскелерін тартып алуға әрекет еткен жергілікті фермерлерді және оның жұмысшыларына тас лақтырды.

Ресми мәліметке сәйкес, тұрғындардың бұл әрекетінен фермер мен оның бес жұмысшысы жарақат алып, оларға тиесілі төрт көлікке зиян келген.

В Намангане земледельцы, у которых отобрали приусадебные участки, закидали камнями фермера
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:42 0:00

"Біз шеткі ауылда тұрамыз. Жергілікті тұрғындар қаралмай қалған жерлерге тыңайтып, көптеген жылдардан бері қолданып келген. Бірақ жақында бір фермер ол жерді тартып алуға әрекет жасады. Бұған наразы болған тұрғындар наразылық білдірді. Тұрғындар оның кеңсесіне барып, бірнеше компьютерін талқандап жіберген. Фермердің өзіне және жұмысшыларына тас лақтырған", - деді аты-жөнін білдіргісі келмеген тұрғын.

Оқиғадан екі күн өткеннен кейін өлкенің ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті жанжалға 50-60 адам қатысқанын, одан шаруа қожалығының иесі мен бес жұмысшы жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл оқиға бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG