Тәжікстанда COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны туралы жарлыққа мемлекет басшысы 22 наурызда қол қойған.
Озоди радиосы тілшісінің хабарлауынша, Тәжікстанда вакцинаны бірінші болып БҰҰ-ның Тәжікстандағы Балалар қорының басшысы Осама Маккави қабылдаған.
Содан кейін ол AstraZeneca вакцинасы қауіпсіз деп мәлімдеп, тәжік қоғамын вакцина қабылдауға шақырған.
Клиникада Тәжікстанның денсаулық сақтау министрі, оның екі орынбасары және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері де вакцина ектірді.
Денсаулық сақтау министрі Жамолиддин Абдуллозоданың мәлімдеуінше, Тәжікстанда 3 мың вакцина егу пункті ашылған.
Тәжікстанға AstraZeneca вакцинасының 192 мың дозасы жеткізілді.
Тәжік үкіметі елде коронавирустың жаңа түрі тіркеліп жатқан жоқ деп мәлімдеген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирус пандемиясы кезінде Тәжікстанда 13 308 адам коронавиурс жұқтырған, 90 науқас қайтыс болған.