Ссылки доступа

Бішкек соты Матраимовтың жемқорлық туралы журналистік зерттеуге қатысты шағымын қараудан бас тартты


Бішкек қалалық соты Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов пен оған жақын адамдардың жемқорлық әрекеттері туралы журналистік зерттеуге қатысты шағымды қараудан бас тартты.

Осылайша, қалалық сот Свердлов аудандық сотының бұған дейін осы іске қатысты шығарған үкімін күшінде қалдырды.

Матраимовтың БАҚ-қа қарсы шағымында "Азаттык" мүддесін қорғайтын заңгер Акмат Алагушев шағым мәнін былай түсіндірді:

"Шағымданушылар шындыққа жанаспайды деп есептейтін мәліметтердің таралуына тыйым салуды сұраған. Сот оны қабылдамай, тиісті анықтамасын шығарды".

49 жастағы Райымбек Матраимов 1997-2017 жылдары Кеден мемлекеттік қызметінде жұмыс істеді. 2015-2017 жылдары осы қызмет төрағасының орынбасары болып істеді.

2020 жылы қазанда Райымбек Матраимов кеден органдарындағы жемқорлыққа қатысты іс бойынша ұсталды. Сот оны сол күні босатты. Матраимов 2020 жылдың аяғына дейін бюджетке 2 млрд сом төлеген.

Биыл 18 ақпанда Райымбек Матраимов тағы да ұсталды. Бұл жолы сот оны екі ай тергеу абақтысында ұстау туралы шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG