Ссылки доступа

ДДСҰ: Тәжікстанда полиомиелит індеті ушығып тұр


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Тәжікстанда полиомиелит ауры 2-деңгейдегі төтенше жағдай ретінде ушығып тұр деп дабыл қақты.

Аталған ұйымның мәліметінше, 18 наурыздағы көрсеткіш бойынша төрт бірдей бала аталған індетті жұқтырған.

Полиомиелит вирусты инфекция, балалардың жұлын жүйесін зақымдап, істен шығарып, соңы өлімге апарады.

Белгілі болғандай, балалар полиомиелитке қарсы вакцинадан кейін ауырған. Вакцина адам ағзасына барғаннан кейін өзін табиғи вирус ретінде ұстаған. Қазір бұл мәселе жіті тексеріліп жатыр деп мәлімдеді ДДСҰ.

Тәжікстанда полиомиелит індеті бірінші рет 1997 жылы тіркелді.

Осы уақыт аралығында полиомиелитпен ауырған 700 жағдай тіркелген. Ауырғандардың 89 проценті 5 жасқа дейінгі балалар.

Тәжікстан билігі COVID-19 вирусын толық жеңдік деп мәлімдеген тұста полиомиелиттің жаңа ошағы пайда болды.

XS
SM
MD
LG