23 наурызда Рогун ГЭС-інің дирекциясы барлық құрылыс компаниялары жұмысшылары алдындағы берешекті толық өтеді деп мәлімдеді.
Бірақ "Асри нур" компаниясы тек үш айдың ғана еңбекақысын төлеген. Барлық берешекті өтегеннен кейін барып Рогун ГЭС-ін салуға қатыса алады деді аталған мекеменің өкілі.
Биыл 18 қаңтарда елдің қаржы министрі Файзиддин Каххорзода жұмысшыларға қарыз 15 мердігер компания лицензиясынан айрылды деп мәлімдеген.
Рогун ГЭС-інің құрылысы қазір тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бірақ ондағы 25 мың адамнан италиялық Salini Impregilо мен ресейлік компанияларда істейтін жұмысшылар ғана айлықты уақытылы алып келеді.
Рогун ГЭС-інің құрылысы Совет дәуірінде басталған. Бірақ азаматтық соғыстан кейін тоқтап қалған. 2016 жылы қайта салына басталды.