Ссылки доступа

Самарқанда Kun.uz тілшісін өлтірем деп қорқытқан. Өзбек журналистері қысым көбейгеніне шағымданды


Корреспондент Kun.uz в Самарканде Анвар Мустафокулов.
Корреспондент Kun.uz в Самарканде Анвар Мустафокулов.

Өзбекстанда Самарқанд облысының ішкі істер департаменті Kun.uz басылымының жергілікті тілшісі Анвар Мұстафокуловтың қысымға ұшырауына қатысты жағдайды тексеріп жатыр.

Kun.uz басылымының Самарқандағы тілшісі Анвар Мұстафокулов милицияға шығым түсірді. Журналистің айтуынша, жергілікті туристік фирма қызметкерлері оны өлтірем деп қорқытып, кеңсесінен қуып шыққан. Тілші мұнда мигранттардың әуе билетінің не себепті қымбаттап кеткенін білу үшін келген.

Журналист бұл мәселеге қатысты сұқбат бермеді, өйткені Самарқанның құқық қорғау органдары тергеу алдындағы тексеруін жүргізіп жатыр.

Kun.uz редакциясының хабарлауынша, "Панорама болалар уйи" фирмасы мигранттарға 2,5 млн сум (шамамен 250 доллар) тұратын әуе билеттерін 4,5 миллион сумнан (шамамен 450 доллар) сатқан.

– Самарқанда жағдай қиындап барады, қалада күш көрсету жағдайы жиіледі. Бұл қалада қомақты ақша айналыста жүр, – деді дереккөз.

Өзбекстанда жергілікті журналистер мен блогерлер қысым көбейгені туралы көп шағымданатын болды. Атап айтқанда, жақында билік Effect.uz тілшілеріне қысым көрсеткен. Олар блогер Отабек Сатооридің ісі туралы жазған.

Блогер Отабек Сатториге сегіз түрлі айыппен соттап жатыр. Блогер жергілікті билік органдарын сынаған. Беделді халықаралық ұйымдар ресми Ташкенттен Сатториді босатуын талап етті.

XS
SM
MD
LG