Ссылки доступа

Президент Бердымұхамедтің ұлы дауылдан зардап шеккен уәлаятқа барды


Лебапский велаят Туркменистана (иллюстративное фото) 
Лебапский велаят Туркменистана (иллюстративное фото) 

Түркіменстан президентінің ұлы Сердар Бердымұхамедов дауылдан қатты зардап шеккен Лебап уәлаятына барды.

Жұмадағы дауыл кезінде кем дегенді бір адам қаза тапты. Аймақта Интернет жұмысы шектелгендіктен, табиғат апатының салдары туралы мәліметтер енді ғана түсіп жатыр.

Түркіменстан президентінің ұлы Сердар Бердымұхамедов жақында бірден үш қызметке тағайындалды. 22 наурызад ол Лебап уәлаятының орталығы - Түркіменабад қаласына барды. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Сердар Бердымұхамедовті мұнда мемлекет басшысына көрсетілетін құрметпен күтіп алған.

"Президенттің ұлы келгенде, әуежайдан қалаға дейінгі жол жабық тұрды. Ол баратын жерлерде де жол жабылды. Жергілікті шенеуніктер президентті күтіп алғандай әрекет етті", дейді жергілікті бір тұрғын Азатлык тілшісіне.

Оның айтуынша, Сердар Бердымұхамедов дауылдан зардап шеккен аудандарға бармаған. Ол Түркіменстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салынып жатқан "Ак Ой" құрылысын көрген.

Түркіменстанның ресми және мемлекеттік ақпарат құралдары Лебап өңіріндегі дауыл туралы хабар таратқан жоқ.

XS
SM
MD
LG