Ссылки доступа

Қырымда ұсталған журналист Есипенконы токпен азаптаған


Владислав Есипенко
Владислав Есипенко

Крым.Реалии редакциясының Ресей аннексиялаған Қырымда ұсталған тілшісі Владислав Есипенконы Ресейдің арнайы қызметі екі күн бойы электр қуатымен азаптаған. "Ґрати" басылымының бас редакторы Антон Наумлюк фейсбуктегі парақшасында осылай деп жазды.

"Тілшінің басына бір зат кигізіп, оны токқа жалғаған, қуатын үнемі артырып отырған. Қинау арқылы мойындатқан, сосын "Крым24"-ке сұқбат жазып алған", - деп хабарлады журналист.

Оның айтуынша, Есипенконы азаптағаны туралы мәліметті тергеу изоляторындағы дереккөз хабарлаған. Ол қамаудағы журналиспен сөйлескен.

Мойындау мәлімдемесі жарияланған соң Есипенко тергеу сауалдарына жауап беруден бас тартты. Қазір оған психологиялық қысым көрсетіліп жатыр, деп хабарлады "Грати".

Крым.Реалии бұл мәліметтерді басқа да дереккөздердің көмегімен дәлелдей алмады.

Владислав Есипенконы 10 наурызда Ресейдің арнайы қызметі Симферополь – Алушта жолында ұстады. Оған заңсыз жарылғыш жасады деген айып тағылды. ФСБ өкілдері Есипенко Украинаның арнайы қызметіне материал жинаумен айналысқан деп отыр. Журналист алты жылға сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG