Ссылки доступа

Түркіменстанда тағы бір карантин аймағы салынып жатыр


Ашғабад, наурыз, 2021

Коронавирус пандемиясына байланысты шетелде қалып қойған түркімен азаматтары еліне қайтып жатыр. Осыған байланысты елдің шығысында тағы бір карантин аймағы салынып жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметінің Лебап облысындағы тілшісі хабарлағандай, аймақта төртінші карантин аймағының құрылысы басталды. Ол сәуір айының басында қолдануға беріледі деп күтілуде.

Билік карантин аймағын жақсарту және кеңейту туралы шешімді наурыздың ортасында мәлімдеген. 15 наурызда өлкенің денсаулық сақтау министрінің орынбасары мен Лебап облысының басшысы аймақтағы 500 адамға арналған карантиндік орынның жағдайымен танысып келген.

Түркіменстан заңдарына сәйкес, елге кірген азаматтар бір апта карантинде болуы тиіс.

Қазір өлкеде коронавирусқа қарсы екпе жүріп жатыр. Бұл үшін Қытайдың "Vero Cell" вакцинасы қолданылып жатыр.

Түркімен билігі әлі күнге дейін елінде коронавирус жұқтырғандар жоқ екенін айтып келеді.

XS
SM
MD
LG