Ссылки доступа

Бішкекте "ЖЭЦ-2" жаңа құрылыс тұрғындары үкімет үйі алдында митинг өткізді


25 наурызда Бішкектегі "ЖЭЦ-2" жаңа құрылыс ауданының жүзден астам тұрғыны Үкімет үйі алдына жиналды. Олар биліктен олардың баспаналарын заңдастыруын талап етті. Бұл ауданда 6 мыңнан астам адам тұрады.

Баспаналарын 15 жылдан бері заңдастыра алмай жүргендер президент Садыр Жапаровқа да үндеу жолдады. Тұрғындардың айтуынша, билік өкілдері олармен кездесуге шықпаған.

Бішкек төңірегінде инфрақұрылымы жоқ 50-ге жуық елді мекен бар. Бұған қоса, бұл ауылдардағы үйлердің дені заңсыз тұрғызылған, үй салғандардың ешқандай құжаты жоқ.

XS
SM
MD
LG