Ссылки доступа

Тәжікстанда жанармай қымбаттаған соң, ет пен өсімдік майының бағасы көтерілді


Тәжікстанда бензин қымбаттаған соң, ет пен өсімдік майының бағасы да көтерілді.

Тәжікстанда үш аптаның ішінде жанармай 12 пайызға қымбаттаған. Жанармай құю бекеттерінде газ бен дизель отыны ғана сатылып жатыр.

Бірақ республика тұрғындары Наурыз мерекесі қарсаңында ет пен өсімдік майының күрт қымбаттауына алаңдап отыр. Душанбе базарларында сиыр етінің бір келісі 60 сомони (5 доллар) тұрады. Сүйексіз ет 70 сомониден сатылады. Қой еті одан да қымбат.

Тәжікстанда өсімдік майы да қымбаттады. Өсімдік майының бес литрін 100 сомониге сатып алуға болады, бұрын ол 90-92 сомони тұратын. Ресейде шығарылатын "Олейна" майы саудада жоқ.

XS
SM
MD
LG