"Жалған парақшаның көмегімен ол азаматтармен сөйлескен, өзін Өзбекстан президенті әкімшілігі жетекшісінің өкілімен деп таныстырған. Түрлі мәселелерді ақшаға шешіп беремін деп уәде берген. Алданған азаматтар оның банк картасына мыңдаған доллар жолдаған", – делінген министрлік хабарламасында.
Құқық қорғау органдары "алаяқтық" қылмысы бойынша іс қозғады. Алдын ала тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Күдікті он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.