Ссылки доступа

Мәскеуде тәжік құқық қорғаушысы Иззат Амон ұсталды


Мәскеуде тәжік құқық қорғаушысы, Тәжік орталығының жетекшісі Иззат Амон ұсталды. Мәлімет бойынша, 25 наурызда полиция қызметкерлері келіп, алып кеткен.

Мәскеу полициясы әзірге ресми хабар таратпады.

Бір ай бұрын тәжік билігі Мәскеуден Иззат Амонға Ресей азаматтығын бермеу жөнінде өтініш түсірген.

48 жастағы Иззат Амон 2000 жылдан бері Мәскеуде тұрады. Ол Ресей сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академияны бітірген.

Қазір ол Мәскеудегі Халықаралық адвокат бюросында адвокат болып жұмыс істейді әрі Мәскеудегі Тәжік орталығын басқарады.

2019 жылы Тәжікстанда Иззат Амонға қарсы хиджабқа тыйым салуға сыни пікір білдіргені үшін экстремистік бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG