Ресей вице-премьері Татьяна Голикова штаб жиналысы кезінде 1 сәуірден бастап Тәжікстанмен әуе байланысын қалпына келтіру жөнінде шешім шығарылғанын мәлімдеді. Рейс аптасына бір рет Мәскеу-Душанбе-Мәскеу бағытында жүргізіледі.
Коронавирус пандемиясына байланысты былтыр наурыз айынан бастап Ресей мен Тәжікстан арасында ұшақтар тоқтаған. Тек арнайы чартерлік рейстер ғана ұшты.
Пандемия басталмай тұрғанда, Ресейде 1 млн-нан астам тәжікстандық жұмыс істеп, еліне жылына 2 млрд доллар жіберіп тұрған. Биыл шекара жабық болғандықтан 80 процент тәжік азаматы Ресейге бара алмай отыр. Тәжік билігінің хабарлауынша, қазір 460 мыңнан астам мигрант жұмыссыз.