Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары мен технологиялық компаниялары әлемдік сән брендтерін сынға ала бастады. Қытайдың атақты жұлдыздары Nike, H&M секілді әлемге танымал брендтермен келісімді үзіп жатыр. Қытай сонымен бірге британдық Burberry маркалы киіміне де бойкот жариялады.
"Қытайлықтар бірқатар шетелдіктерге қытай күрішін жеуге тыйым салады", - деп мәлімдеді Бейжіңде сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньин. Оның айтуынша, батыс компаниялары Қытай нарығында ақша тауып, бірақ оның саясатын сынайды.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі мамандары Шыңжаңдағы "қайта тәрбиелеу лагерінде" миллиондаған мұсылман азапталып жатыр деп дабыл қағып келеді.