Ссылки доступа

Путиннен саяси баспана сұраған түркімен белсендісі Ресейден депортацияланды


Ресейден саяси баспана сұраған түркіменнің саяси белсендісі Розгелді Чолиев Түркияға депортацияланды. Ол соңғы бір айда Мәскеудегі Шереметьево әуежайында тұрып келді. Құқық қорғаушылар Түркия оны Түркіменстанға беруі мүмкін деп қауіптенеді.

Түркіменстандық Чолиев Карачай-Черкесс мемлекеттік университетінде оқыған. Ол Түркіменстан билігін сынға алған видео жариялап келген. Оның Ресейден саяси баспана сұраған өтінішін шекарашылар қабылдамай келген.

Бірақ Путинге видеоүндеу жариялағаннан кейін, миграция қызметі оның өтінішін қабылдаған. Алайда бірнеше күннен кейін, оған саяси баспана беруден бас тартты. Құжатта Чолиев Түркиядан саяси баспана сұрай алады делінген. Осыдан кейін оны Түркияға депортациялаған.

XS
SM
MD
LG