Ссылки доступа

Түркіменстан Сербияның бронды техникасын бірінші болып сатып алды


Военный парад в Ашхабаде, 2017  (архивное фото) 
Военный парад в Ашхабаде, 2017  (архивное фото) 

Түркіменстан Сербияның "Лазар 3" бронды техникасын бірінші болып сатып алды. Бұл туралы Ru.Serbia.com сайты Сербияның Мәскеудегі елшісі Мирослав Лазанскиге сілтеме жасап хабарлады.

"Сербияның экономикасы мен әскери өнеркәсібіне қатысты елеулі жаңалық — "Jугоимпорт СДПР" компаниясы Түркіменстанға "Лазар 3" бронды техникасын сатты", – деп мәлімдеді Лазански.

"Лазар-3" - STANAG V/IV қорғанысы бар 8х8 дөңгелекті БТР. Оған 30 мм автоматты пушка, 12,7 мм немесе 7,62 мм пулеметтер, сонымен бірге ПТУР орнатуға болады. Экипаж 3 адамнан тұрады, 9 жауынгер тасиды.

Елшінің айтуынша, бұған дейін "Лазар 3" Сербия әскеріне алынған, енді оның бірнешеуін Түркіменстан алды.

"Лазар 3" техникасының Түркіменстанда жеңіске жетуі оның сапалы екенін білдіреді", – деді Лазански.

Түркіменстан әскери техниканы шетелден, әсіресе ЕО елдерінен сатып алып жүр. Мұндай техниканың көбін бұл елге Италия жеткізеді.

2017 жылы Түркіменстан түрік қаруын көп сатып алған ел атанды. Халықаралық Стокгольм әлем проблемаларын зерттеу институтының (SIPRI) хабарлауынша, Түркіменстандағы қарудың 36 пайызын Түркия, 27 пайызын Қытай, 20 пайызын Ресей шығарған. Зерттеу мәліметіне қарағанда, Түркіменстан сол кезде әлемде қару импорттау көрсеткіші бойынша 40-орында болған.

Бердымухамедов на боевых учениях
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:37 0:00

XS
SM
MD
LG