Ссылки доступа

Тәжік адам құқықтарын қорғаушы Иззат Амонды Ресейден шығаруы мүмкін


Иззат Амон. Архивное фото
Иззат Амон. Архивное фото

Мәскеудің Тверь соты Тәжіктер орталығының басшысы Иззат Амонды "Ресейде заңсыз еңбек етті" деп айыптады. Сот шешімі 16 наурызда күшіне енді. Адам құқықтарын қорғаушы 25 наурызда ұсталды. Оған айыппұл салып, елге депортациялауы мүмкін.

Тверь сотының хабарлауынша, Иззат Холовқа (Иззат Амон) Ресейде заңсыз қызмет атқарған деген айып тағылды. Мұндай заң бұзушылық үшін бес мың рубльге дейін айыппұл салынады, сонымен бірге ол елден шығарылуы мүмкін.

Бұған дейін Иззат Амон 90-жылдардың аяғынан бері Ресей азаматы екенін айтқан. "Сот шешімі шығар алдында Иззат Амонды Ресей азаматтығынан айырған болуы мүмкін", - деді Ресейде тұратын тәжік заңгерлерінің бірі.

Мәскеу полициясы тәжік белсендісі ұсталғаны туралы мәлімет таратпады. Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі Озоди радиосына Иззат Амонның жағдайы туралы естімегенін айтқан.

2019 жылдың басында Тәжікстанда Иззат Амонға қарсы іс қозғаған. Заңгер тәжік билігінің хиджабқа тыйым салғанын сынаған.

XS
SM
MD
LG