Ссылки доступа

Қырғызстанда дәрігерлердің көбі қытай вакцинасын салдырудан бас тартты


Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бурул Асыкбекованың "Азаттыкқа" хабарлауынша, дәрігерлердің көбі Ресейдің вакцинасын таңдаған.

Оның айтуынша, қытай вакцинасынан қанша адам бас тартқанын егу науқаны басталған соң белгілі болады.

"Ұлттық жоспар бойынша, біз вакцинаны кімдер салдыратынын анықтауымыз керек. Коронавирустан ауырып шыққан дәрігерлердің көбі вакцинадан бас тартқан. Көбісі Ресей вакцинасын салдырғысы келетінін айтқан", - деді Асыкбекова.

Қырғызстанда 29 наурызда коронавирусқа қарсы вакцина егу науқанының алғашқы кезеңі басталады. Жақында Қырғызстан Қытайдан Sinopharm вакцинасының 150 мың дозасын алдырды. Ол 75 мың адамға жетеді.

Вакцинаны әуелі медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салады. Елде вакцинаны тіркейтін құжат әлі қабылданған жоқ.

XS
SM
MD
LG